
Амантаев Азамат Баканаевич
Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Өмірбаян
1988 жылғы 2 тамызда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі: 2007 ж. – Банк ісі академиясының колледжі, «экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бухгалтер-аудитор. 2010 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек қызметі:
2007 ж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінде жеке еңбек шарты бойынша іс жүргізуші;
2008 ж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті салықтық тіркеу бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы міндетін атқарушы;
2008 ж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті салықтық тіркеу бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы міндетін атқарушы;
2008-2009 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті салықтық тіркеу бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы;
2009-2011 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2011 ж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2011-2012 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2012 ж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті заңды тұлғаларды және халықаралық салық салуды әкімшілендіру басқармасының бас маманы — бас салық инспекторы;
2013 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы;
2013 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2013-2014 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті заңды тұлғаларды және халықаралық салық салуды әкімшілендіру басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2014 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасы №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы;
2014-2015 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасы №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы;
2015 ж. – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2015-2016 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасы №2 камералдық бақылау бөлімінің басшысы;
2016-2018 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасы №1 камералдық бақылау бөлімінің басшысы;
2018 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тәуекелдерді талдау басқармасының салықтық әкімшілендіруді талдау және тиімділік бөлімінің басшысы;
2018-2019 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтарды әкімшілендіру департаменті Камералдық мониторинг басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы;
2019-2020 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаменті қашықтықтан мониторингтеу басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы;
2020-2021 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаменті қашықтықтан мониторингтеу басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;
2021-2022 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаменті қашықтықтан мониторингтеу басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
2022-2024 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаменті қашықтықтан мониторингтеу басқармасының басшысы, Астана қаласы;
2024 ж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру департаменті қашықтықтан мониторингтеу басқармасының басшысы, Астана қаласы;
2024 ж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру департаментінің директоры, Астана қаласы;
2024 ж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры, Астана қаласы;
2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.





