
Мұхаметқалиев Бахтияр Абайұлы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі
Өмірбаян
1990 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Мамандығы: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Мамандығы: «Қаржы»
- International Business School
Біліктілігі: Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA)
- Nazarbayev University
Біліктілігі: Мемлекеттік басқару магистрі
- «Қазпошта» АҚ-да байланыс операторы қызметінен атқарушы директор лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті. Деректерді басқару, ІТ-сәулет, инфрақұрылым және электрондық коммерция бағыттарына жетекшілік етті. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына қоры» АҚ жанындағы Трансформация командасында «Деректерді басқару» бағытының жетекшісі болды (2010–2020 жж.);
- BI Group компаниясында техникалық директор (2020–2021 жж.);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басқарушы директоры (2021–2022 жж.);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (2022–2023 жж.);
- Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (2023–2025 жж.);
- «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ бас директоры (2025 жылдан бастап).
- 2026 ж. ақпанда Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.
Қосымша атқарған лауазымдары:
- Astana International Financial Centre менторы (2019–2022 жж.);
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры (2020–2022 жж.);
- Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі (2021–2022 жж.);
- IQanat білім беру қорының менторы (2021–2022 жж.);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жанындағы Консультативтік-сараптамалық кеңестің мүшесі (2025 жылдан бастап).





