Коняшкин Ростислав Анатольевич

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі

    Коняшкин Ростислав Анатольевич
    Первый Вице-Министр

    Коняшкин Ростислав Анатольевич

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі

    Өмірбаян

    Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

    М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС консультанты болып бастаған.

    2011-2012 жылдары — «KazTransCom» ERP-Service» ЖШС «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.

    2012-2014 жылдары — «Astana Innovations» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.

    2014-2015 жылдары — «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.

    2016 жылы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.

    2016-2017 жылдары — «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС жобалар бойынша менеджері.

    2017-2019 жылдары — «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының «Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі» бағыты бойынша жобалық менеджері.

    2019-2020 жылдары — «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.

    2020 жылы — ҚР ЦДИАӨ министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.

    2020-2021 жылдары — ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.

    2021-2024 жылдары — «Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы

    2024-2025 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі.

    2025 жылдың қазан айынан бастап - ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.

    2025 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері