
Мун Дмитрий Андреевич
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі
Өмірбаян
Дмитрий Андреевич Мун 2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылғы тамыз - 2017 жылғы қыркүйек аралығы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеді;
2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы;
2019 жылғы қазан - 2023 жылғы тамыз аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор;
2023 жылғы тамыз – 2024 жылғы қараша аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2024 жылғы қараша айынан бастап - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.
2025 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.





