
Өмірбаян
Жетпісбай Нұрлан Айдарұлы, 1993 жылы 26 қарашада Жетісу облысы, Кербұлақ ауданында дүниеге келген.
2009-2013 жылдары Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде техник-механик мамандығы бойынша білім алған.
2014-2018 жылдары жоғарғы оқу орны Қазақ ұлттық аграрлық университетінде электр энергетикасы мамандығы бойынша жоғары білім алды.
2013 – 2014 жылдары, 2018 жылы «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамы, Релелік қорғау және автоматика қызметінің электржөндеушісі қызметін атқарған;
2018 – 2020 жылдары «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі бас маманы;
2020 – 2024 жылдары «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік қоғамы Техникалық шарттар бөлімінің бөлім бастығы, Өндірістік-техникалық басқармасының бастығы;
2024 – 2025 жылдары «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы;
2025 жылдың сәуір айынан бастап «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.




