Алмагалиев Аман Айдынұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Алмағалиев Аман Айдынұлы 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Геодезия және картография» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын Алматы облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасында бас маман – мемлекеттік инспектор қызметінен бастаған.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне қарасты Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментінің, Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаментінің бас маман – мемлекеттік инспекторы, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, Жетісу облысының жер қатынастары басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.

    2026 жылғы мамыр айынан бастап Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері