
Өмірбаян
1995 жылы Алматы қаласында туылған. 2018 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінің электрэнергетика мамандығын бакалавр дәрежесімен тәмамдаған.
Қызмет жолын 2018 жылы Алматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2023 жылы қыркүйектен бастап Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы.




