
Нөпіров Жәнібек Мақсұтұлы
Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
1980 жылы туған Қостанай облысында дүниеге келген.
2001 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2005 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын, 2010 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.
Мансап:
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы, бас қазынашысы қызметтерінен бастаған;
2001-2006 жылдары - қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің құрылымдарында бас маманнан бастап басқарма басшысына дейін әртүрлі лауазымда болды.
2006-2007 жылдары - ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары.
2007-2008 жылдары -ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдіснамасы департаменті директорының орынбасары.
2008 жылы. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары.
2008-2010 жылдары - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Корпоративтік даму департаментінің директоры.
2010-2012 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әдіснама және талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты.
2016-2017 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдары – «Қорғас» ШЫХО АҚ-да бірқатар басшылық қызметте. Жетісу облысы.
2023 жылы – «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2023-2024 жылдары - Қаржы министрлігінде мемлекеттік органдардың бюджет департаменті директоры.
2024-2025 жылдары – Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.
2025 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры.





