
Алимжанова Асель Аблайхановна
Қала әкімінің бас инспекторы-кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы
Өмірбаян
Алимжанова Асель Аблайхановна, 1987 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Таран ауданы Покровка кентінде дүниеге келді.
2009 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтады.
2019 жылы «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін аяқтады.
2020 жылғы 06 ақпаннан 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін – «Алматы ашытқы зауыты» АҚ сату және маркетинг бөлімінің дилері;
2021 жылғы 03 наурыздан 2022 жылғы 25 наурызға дейін – Алматы облыстық адвокаттар алқасының тағылымдамашысы;
2022 жылғы 25 сәуірден 2022 жылғы 29 шілдеге дейін – «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ әдіскері;
2022 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 30 маусымға дейін – «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, бас маманы;
2023 жылғы 01 шілдеден 2026 жылғы 31 тамызға дейін – «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2026 жылғы 01 қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін – «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қала әкімінің бас инспекторы - кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы.
Тұрмыста, бір баласы бар.



