Шектыбаев Асан Мұратұлы

    Уполномоченный по этике аппарата акима города Лисаковск

    Шектыбаев Асан Мұратұлы
    Уполномоченный по этике

    Шектыбаев Асан Мұратұлы

    Уполномоченный по этике аппарата акима города Лисаковск

    Өмірбаян

    Шектыбаев Асан Мұратұлы, 1988 жылы 29 тамызда Қостанай облысы, Камышнин ауданы, Бестөбе ауылында дүниеге келді.

    2010 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» біліктілігі бойынша З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтады.

    2012 жылы «Құқықтану» мамандығы, «Құқықтану бакалавры» біліктілігі бойынша З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтады.

    2010 жылғы 4 қазаннан бастап 1 желтоқсанға дейін – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ маман көмекшісі.

    2011 жылғы 10 қазаннан бастап 2012 жылғы 30 мамырға дейін – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ әдіскері.

    2012 жылғы 30 мамырдан бастап 2016 жылғы 5 тамызға дейін – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

    2016 жылғы 5 тамыздан бастап 2016 жылғы 15 қарашаға дейін – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары.

    2016 жылғы 16 қарашадан бастап 2018 жылғы 25 қаңтарға дейін – «Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі.

    2018 жылғы 25 қаңтардан бастап 2019 жылғы 10 қыркүйекке дейін – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ әкімі.

    2019 жылғы 4 қарашадан бастап 2020 жылғы 13 шілдеге дейін – «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік сатып алу жөніндегі әдіскер.

    2020 жылдың 14 шілдесінен бастап 30 қарашасына дейін – «Қарабалық ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ аға инженері.

    2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін-Лисаков қаласы әкімінің орынбасары

    Үйленген. Екі баласы бар.

    Қаладағы экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-кредиттік тәртіп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, әлеуметтік-экономикалық ахуалды талдау, бюджет аралық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және ветеринария, қаланың индустриялық-инновациялық дамуы мәселелеріне басшылық етеді.

    Ауыл шаруашылық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

    Жетекшілік ететін бағыттар бойынша цифрландыру жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметінде жобалық басқару қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етеді.

    ИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері (жобалардың іске асырылу барысын мониторингілеу және бақылау, объектілерді пайдалануға уақтылы енгізуді және оларды жобалық қуатқа шығаруды қамтамасыз ету, Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды іздеу және іріктеу), инновациялық жобалардың өңірлік карталары, өңірлік деңгейде бизнесті қолдау бағдарламалары, қазақстандық қамту, туризм үлесін ұлғайту.

    бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын,

    экономикалық және бюджеттік жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыруды,

    экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті атқару, коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін,

    цифрландыру, ақпараттандыру және жобалық басқару бойынша жұмысты,

    «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жүйесінде қала бюджеті туралы деректерді толтыру,

    бағалар мониторингі бойынша жұмысты үйлестіреді.

    «Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ,

    «Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ,

    «Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ,

    «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияға.

    инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабқа,

    мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне,

    жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қаржы қызметінің мәселелеріне,

    қаланың әкімшілік аумағында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қалалық мәслихатпен,

    қалалық қазынашылық бөлімімен,

    Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен,

    қалалық статистика басқармасымен,

    Кәсіпкерлік палатасының қалалық филиалымен,

    қаланың екінші деңгейдегі банктері және басқа да кредиттік мекемелер,

    кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі коммерциялық емес ұйымдармен,

    қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарымен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен,

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Лисаков қалалық аумақтық инспекциясымен,

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Лисаков қалалық аумақтық инспекциясымен,

    бау-бақша кооперативтерімен,

    қалалық мүгедектер қоғамымен,

    қаланың денсаулық сақтау мекемелерімен,

    Лисаков қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен,

    арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.