Тұрсынханов Нұржан Асқарұлы

    Төрағаның орынбасары

    Тұрсынханов Нұржан Асқарұлы
    Заместитель Председателя

    Тұрсынханов Нұржан Асқарұлы

    Төрағаның орынбасары

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов 1982 жылғы 4 шілдеде Жамбыл облысының Аса деген ауылында дүниеге келді.

    2003 жылы University of Nottingham университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.

    2020 жылы Nazarbayev University-де «Басшыларға арналған іскерлік басқару» бағдарламасы (МВА) бойынша оқуды аяқтады.

    Еңбек жолы

    Еңбек қызметін 2003 жылы «HSBC Банк Қазақстан» ЕБ» АҚ-та Қазынашылық департаментінің трейдері болып бастады.

    2004 жылғы желтоқсан – 2012 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті дилингтік операциялар басқармасының бас дилері және бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2012 жылғы қазан – 2015 жылғы маусым аралығында «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2015 жылғы маусымнан желтоқсан айына дейін «Aлматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    2015 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті зейнетақы активтері басқармасының бастығы, директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2019 жылғы желтоқсан – 2026 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры лауазымын атқарды.

    «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медальдарымен, Ұлттық Банк Төрағасының алғыс хаттарымен, сондай-ақ «Қазақстан Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

    Жетекшілік ететін бөлімшелер тізімі:

    Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті

    Бағалы қағаздар нарығы департаменті

    Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері