Қизатов Олжас Төлегенұлы

    Төрағаның орынбасары

    Қизатов Олжас Төлегенұлы
    Заместитель Председателя

    Қизатов Олжас Төлегенұлы

    Төрағаның орынбасары

    Өмірбаян

    О.Т. Қизатов 1977 жылғы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келді.

    1998 жылы Қазақ Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша аяқтады.

    2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетін іскерлік басқару магистрі мамандығы бойынша аяқтады.

    О.Т. Қизатов еңбек қызметін ҚР Ұлттық Банкінде бастады. Зерттеулер және статистика департаменті монетарлық зерттеулер бөлімінде экономист болып жұмыс істеді. 1999 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңде экономистен бастап департамент директорының орынбасары дейінгі лауазымдарды атқарды. 2015 жылы «Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-та (Астана қ.) Адам капиталын дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    2015 жылғы ақпан – қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.

    2015 жылғы қараша – 2019 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы, Банктерді қадағалау департаменті директорының міндетін атқарушы, Банктерді реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

    2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Банктерді реттеу департаменті директорының лауазымын атқарды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 ақпандағы өкімімен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Жетекшілік ететін бөлімшелері:

    Банктерді реттеу департаменті

    Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті

    Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)

    Өңірлік өкілдер басқармалары

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері