
Ұзақбайұлы Айдос
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы
Өмірбаян
Айдос Ұзақбайұлы 1983 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келді, ұлты қазақ. 2005 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Юриспруденция» және 2012 жылы Болашақ университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы 2003 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ТОО СП «Ақниет» сауда агенті болып бастаған. 2006 жылдың 26 маусымынан бастап 2009 жылдың 3 желтоқсан аралығында ҚР ҚМ ҚК Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Кадр, заң қызметі және арнайы жұмыстар бөлімінің бас маманы, Заң қызметі бөлімінің бас маманы және ведомстволық бақылау бөлімінің бас маман-бас қазынашысы. 2015 жылдың 28 желтоқсанынан бастап ҚР ҚМ ҚК Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Ведомстволық бақылау бөлімінің бас маман-бас қазынашысы.
2020 жылдың 7 тамызынан бастап ҚР ҚМ ҚК Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Байқоңыр қалалық қазынашылық басқармасының басшы орынбасары. 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап ҚР ҚМ ҚК Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Байқоңыр қалалық қазынашылық басқармасының басшысы. 2025 жылдың 24 ақпаннан бастап ҚР ҚМ МҚК Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.
2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы қызметін атқарады.





