Суербаев Ермек Робертович

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы

    Суербаев Ермек Робертович
    Руководитель

    Суербаев Ермек Робертович

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының «Бухгалтерлік есеп және ауыл шаруашылық ісіне талдау» мамандығы және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Заңтану бакалавры бойынша түлегі.

    Еңбек жолын "Орал-Селина" акционерлік қоғамы бас бухгалтердің орынбасары ретінде бастады. Кейіннен Оралоблгаз жоспарлау-экономикалық бөлімінде экономист болып жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап Орал қаласы Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы болып жұмыс істеді. 2002 жылдан Батыс Қазақстан облысы қаржы департаментінің бас маман-ревизоры, бөлім бастығы. 2007 жылдан Батыс Қазақстан облысы қаржы департаменті бастығының орынбасары. 2010 жылдан бастап "Градиент" Өңірлік инвестициялық қоры акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы. 2014 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету, персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2021 жылғы 19 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып жұмыс істейді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері