Бұхарбаев Манарбек Мұсаұлы

    Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы

    Бұхарбаев Манарбек Мұсаұлы
    Руководитель

    Бұхарбаев Манарбек Мұсаұлы

    Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Бухарбаев Манарбек Мусинович 1975 жылы 11 қаңтарда Ақтөбе облысы Әйтеке би (бұрынғы Комсомол) ауданының, Тымабулақ (бұрынғы Басқұдық) ауылдық округінің Сарбұлақ ауылында дүниеге келген.

    1993 – 1994 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып әскери қызметін атқарған.

    2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1992 жылғы 07 қазанда Құрайлы орта мектеп интернатында тәрбиеші болып бастады. 1994 жылғы 10 қазанда Ақтөбе қаласының Елек орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасады.

    1996 жылғы 13 наурызда Октябрь (Мұғалжар) аудандық қаржы бөліміне маман болып жұмысқа қабылданды.

    1998 жылғы 09 маусымнан бастап 2007 жылғы 09 ақпан аралығында Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінде қазынашы, жетекші қазынашы, бас қазынашы, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

    2007 жылғы 09 ақпанда Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2018 жылғы 17 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    2023 жылғы 22 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы болып қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері