Өмірбаян
Мен Сексенбай Ёлка, 27 желтоқсан 1985 жылы Монғолия Халық Республикасы Ховд суумын аймағында дүниеге келдім. 1992 жылы тарихи отанымыз Қазақстанға Шығыс Қазақстан облысы Жарама ауданы Бірлік ауылына көшіп келдік. 1999 жылдың тамыз айында Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Березняки ауылына көшіп келіп, осы жылдың қараша айында Қарағанды облысына Октябрь ауданына Сұрыптау бекетіне отбасылық жағдайға байланысты қоныс аудардық. 2003 жылы Сұрыптау бекетінен №12 орта мектебінен шығып, ҚарМТУ оқуға түсіп 2008 жылы бітіріп шықтым. 2008 жылы тұрмысқа шықтым соған байланысты Осакаров ауданы Родников ауылдық округіне Қарасу аймығында тұрып жатырмын.
26.09.2011жылы КРЭК-тің Молодежный РЭС контроллері,10.09.2021 жылы штат санының қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылдым.
01.11.2012 жылы №25 ОМ аудармашысы, 02.09.2013 жылы өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2014 жылғы 17 ақпаннан 2025 жылғы 16 мамырға дейін «Родников ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істедім.
2025 жылғы 19 мамырдан бастап Родников ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеймін.





