Акижанов Серік Таңжарықұлы

    Осакаровка кентінің әкімі

    Акижанов Серік Таңжарықұлы
    Аким

    Акижанов Серік Таңжарықұлы

    Осакаровка кентінің әкімі

    Өмірбаян

    Мен, Серік Танжарықұлы Акижанов 16 қыркүйек 1977 жылы Қарағанды облысы Осакаров ауданының Құндызды ауылында дүниеге келдім.Ұлтым қазақ.

    Әкем- Танжарық Акижанов, 01.01. 1951 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының Уызбай ауылының тумасы. Анам- Сагдат Мамбетаевна Акижанова, 19.07.1951 жылы Целиниград қаласында туған. 1978 жылы отбасымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылынан, Нұра ауданының Киевка кентіне көштік. 1983 жылы Киевка кентінің №1 мектебінің 0 сынып, дайындық тобына бардым. 1985 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының Ивановка ауылына көштік. 1994 жылы Ивановка ауылының орта мектебінің 11 сыныбын тәмәмдадым.

    1998 жылы Осакаров аудандық сотының сот жасаулысы болып жұмыс атқардым. 1998 жылы заңгер мамандығы бойынша Қарағанды Болашақ интитутіне түстім. 2001 жылы әскерге шақырлуыма байланысты, Осакаров аудандық сот жұмысынан шықтым. 2003 жылы маусымда Қарағанды Болашақ институтінің заңгер мамандығын аяқтадым. 2003 жылы тамыз айында Осакаров аудандық сотының құжаттармен қамтамасыз ету басшысы болып қызметке тұрдым.

    2003-2013 жылдары Осакаров аудандық соты құжаттармен қамтамасыз ету басшысы жұмыс атқардым.

    2013- 2016 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданның Пионерский ауылында әкім болып жұмыс істедім.

    2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Осакаровка кентінде әкім болып қызмет атқарамын. 2020 жылы Осакаров ауданының Осакаровка кенті әкімі болып қайта сайландым.

    12 тамыз 1977 жылы туған Жанна Жұмағазықызы Сапаровамен 2000 жылы некеге отырдым, Осакаров ауданың Құндызды ауылында дүниеге келді, Осакаровка кентінде «Халық банк»- де бақылаушы кассир болып жұмыс істейді. Осы некеден 4 балам бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері