
Өмірбаян
Мен, Мұстафин Ержан Ақашұлы, 1975 жылы 26 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келдім. Отбасылымын. Екі балам бар. Жұбайым, Сапарова Каламкас Ордабековна 1976 жылдың 28 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келген.
1981-1990 жылдары Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Матақ ауылындағы №15 орта мектепте оқыдым. 1991-1993 жылдары Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында кешкі мектепте оқып, 1993 жылы орта білім туралы аттестат алдым.
1993-1995 жылдары Талдықорған облысы Талғар ауданы Шеңгелді ауылы, связист, сержант әскерінде қызмет атқарды.
Жоғары білімді 2000-2007 жылдар аралығында оқыдым. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Тарих" мамандығы бойынша "Тарих бакалавры» біліктіліктілігі берілді.
Еңбек жолын 1991 жылы қарапайым жұмысшы ретінде Матақ ауылшаруашылығында бастадым. 1993-1995 жылдар аралығында әскери борышымды өтедім.
2000 жылы Қарағанды қаласының № 56 орта мектебінде "Алғашқы әскери дайындық" пәні мұғалімі болып қабылданып, 13 біліктілік санаты берілді.
2001 жылы № 61 орта мектебінде "Алғашқы әскери дайындық" пәні мұғалімі болдым.
2002 жылы Осакаров аудандық білім бөлімдегі Сенокосное орта мектебіне мамандығым бойынша тарих пінінің мұғалімі болып кірдім.
2007-2010 жылдар аралығында директордың оқу-білім тәрбие ісі бойынша қызмет атқардым.
2010 жылы Қарағанды қаласының "№3 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-өндірістік ісі бойынша қабылдандым.
2013-2016 жылдар аралығында Қарағанды облысының білім басқармасының "Қарағанды индустриалды-технологиялық колледж" коммуналдық мемлекеттік мекемеде бөлім бастығы болып тағайындалдым, өз еркіммен жұмыстан шығып, 2016 жылы Осакаров аудандық білім бөлімдегі Сенокосное орта мектебіне мамандығым бойынша тарих пінінің мұғалімі болып кірдім.
2017 -2022жылы жоғарыда аталған мектепте директордың оқу-білім тәрбие ісі бойынша қызмет атқардым.
2022 жылы ауылдық әкімдікке өз кандидатурамды ұсынып, Қаратомар ауылдық округіне 18 қазаннан бастап әкім болып тағайындалдым.





