
Өмірбаян
Шүрмен Бауыржан Серікұлы 1990 жылы 8 қарашада Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округіне қарасты Кіші Қоскөл ауылында дүниеге келдім. 1997-2008 жылдары аралығында Жусандой жалпы орта білім беретін мектебін бітірдім.
Білімім Жоғары. 2008-2012 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдап, 2021-2023 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» ғылымдарының магистрі бойынша бітірдім
Алғаш еңбек жолымды 2012 жылы Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының қосымша білім беру педагогы қызметінен бастадым.2012-2023 жылдары Қаратөбе мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқардым. 2023 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Қаратөбе спорт клубының директоры қызметін атқарып келемін. Отбасылымын, екі ұлым, бір қызым бар.





