
Елешов Асылбек Жасуланбекович
Мәслихат депутаты
Өмірбаян
Мен, Елешов Асылбек Жасуланбекович, 1988 жылы 27 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округі Ханкөл ауылында дүниеге келдім.
2005 жылы орта мектепті аяқтап, Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің аграномия факультетінің экология мамандыгы бойынша оқуға түсіп, 2011 жылы экология мамандығын алдым.
2012 жылы құрылыс геодезия бойыша білімімді жетілдірдім;
2011 жылы «СМЕТА - АВС4 – САНА» курстар бойынша білімімді жетілдірдім;
2011 – 2013 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті жерге орналастыру мамандығын аяқтадым;
2012 жылы Атырау қаласындағы «МСС Құрылыс – Атырау» компаниясына жұмысқа геодезия мамандығы бойынша орналастым.
2013 – 2015 жылдары «МСС Құрылыс – Атырау» компаниясы, сметчик;
2015 – 2018 жылдары «КазСтройОператинг» компаниясы, құрылыс басқарма төрағасы;
2019 жылы «КазСтройЛидер» ЖШС құрылтайшысы, басқарма төрағасы;
2023 жылы «Нұрасыл» ШҚ төрағасы болып қызмет атқарып жатырмын.
Марапатым: «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясының директорлар Кеңесінің Төрағасы Е.Ежиков-Бабахановтың Құрмет грамотасы.
Үйленгенмін, үш балам (екі ұл, бір қыз) бар.





