
Зейнуллин Абат Каримулы
мәслихат депутаты
Өмірбаян
Мен, Зейнуллин Абат Кәрімұлы 1980 жылы 31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келдім.
Екі жоғары білімім бар. 2002 жылы Батыс Қазақстан Аграрлық Университетін, 2008 жылы Батыс Қазақстан Инженерлік-технологиялық институтын «Есеп және аудит жөніндегі вакалавры» мамандығы бойынша аяқтадым. 2002-2003 жылдары Алматы қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери институтында Отан алдымдағы әскери борышымды өтедім.
Еңбек жолымды 2004 жылы Қаратөбе ауылындағы туризм және экология орталығында қарапайым жөндеуші болып бастадым. 2005-2007 жылдары аралығында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас маманы,ұйымдастыру – бақылау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасадым.2008-2011 жылдары аралығында Қаратөбе селолық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқардым.2011-2015 жылдары аралығында Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2015-2019 жылдары аралығында Егіндікөл аулыдық округінің әкімі,2019-2020 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы,2020-2021 жылдары Қаратөбе ауылдық округінің әкімі,2021-2022 жылдары Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде директор болым жұмыс жасадым. 2022 жылы «АМАNАТ» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының атқарушы хатшысы,
2023 жылдың қаңтар айынан бастап «АМАNАТ» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы болып жұмыс жасап келемін. 2005 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Отбасылымын. Отбасымда екі ұл, екі қызым тәрбиеленуде.





