Жолумбетов Ержан Махсутұлы

    Заместитель акима Есильского района

    Жолумбетов Ержан Махсутұлы
    Заместитель акима

    Жолумбетов Ержан Махсутұлы

    Заместитель акима Есильского района

    Өмірбаян

    2025 жылғы 18 қыркүйектегі аудан әкімінің өкімімен Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып Ержан Махсутұлы Жолумбетов ротация тәртібімен тағайындалды.

    Ержан Махсутұлы Жолумбетов 1975 жылы 17 маусымда Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген.

    1997 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының «Экономика және Менеджмент» факультетін бітірген;

    2007 жылы Алматы қаласы Қайнар университетінің «Құқықтану» факультетін бітірген;

    2010 жылы Алматы қаласы Қазақ Жол және қатынас университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» факультетін бітірген;

    Еңбек жолын 1997 жылы Семей қаласындағы «Семейагроссервис» ЖШС сыртқы экономикалық байланыстар бойынша маман болып бастаған;

    1998 жылдан 2001 жылға дейін – коммерциялық құрылымдар;

    2001 жылдан 2006 жылға дейін – Шар қаласының «Тұран Әлем Банкі» АҚ бөлімшесінің бастығы;

    2006 жылдан 2007 жылға дейін – Семей қаласының «Цеснабанк» АҚ Дербес қызмет көрсету орталығының бастығы;

    2007 жылдан 2014 жылға дейін – Шар қаласының «ТЭК- Казахстан» ЖШС отын қоймасының басшысы;

    2015 жылдан 2018 жылға дейін – коммерциялық құрылымдар;

    2018 жылдан 2021 жылға дейін – Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылының әкімі;

    2021 жылдан 2025 жылға дейін – Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері