Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі
Есіл ауданы Ақмола облысының батысында орналасқан. Құрылған уақыты - 1936 жыл. Әкімшілік орталығы-Есіл қаласы.Есіл ауданы әкiмiнiң аппараты аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Ақмола облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (нақтыланған бюджет)
"Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жетекші маман лауазымына Конкурс
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5598987923
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы өзінің ХҚКО ИАЖ 2.0негізгі ақпараттық жүйесін бірыңғай QazTech платформасына көшіруді квазимемлекеттік сектор ұйымдары арасында бірінші болып аяқтады. Жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жаңа платформаға көшіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды. QazTech платформасына көшу Мемлекеттік корпорацияның цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Жаңа платформа жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылатын ақпараттық жүйелерді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Alem.Cloud деректерді талдау орталығында орналасқан QazTech платформасына ИИС ЦОН 2.0 жүйесін көшіру жұмыстары толық аяқталды. Жүйе нәтижелі ортаға енгізіліп, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Оған Мемлекеттік корпорацияның барлық мамандандырылған ХҚКО-лары қосылып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілген. «Біз үшін уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпараттық жүйелердің қолданыстағы талаптарға сай болуын қамтамасыз ету маңызды. QazTech платформасына көшу Мемлекеттік корпорацияның цифрлық инфрақұрылымының технологиялық негізін нығайтып, жаңа цифрлық шешімдерді одан әрі енгізуге жағдай жасайды» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Жаңа платформаға көшу жұмыстары 2026 жылғы 26 қазанда жүзеге асырылды. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібіне ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Барлық мамандандырылған ХҚКО әдеттегі режимде жұмысын жалғастыруда, цифрлық сервистер қолжетімді, ал ведомствоаралық ақпарат алмасу іркіліссіз жүзеге асырылуда. Айта кетейік, ХҚКО ИАЖ 2.0 жүйесі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша қажетті сынақтардан өтіп, нәтижесінде оң қорытындылар алынды.
Азаматтар жұмылдыру дайындығы туралы нені білуі керек
Жұмылдыру дайындығы — мемлекеттің елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне байланысты туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені. Бұл жұмыста жергілікті атқарушы органдар маңызды рөл атқарады. Әкімдіктер халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмылдыру жарияланған жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібі туралы ақпарат береді. Әр азамат нені білуі керек? Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұруға міндетті. Сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билетті немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлікті уақтылы алуы қажет. Шақыру алған жағдайда азамат жергілікті әскери басқару органына келуге міндетті. Бұл оның әскери қызметке арналуын айқындау үшін қажет. Жұмылдыру жөніндегі нұсқамалар мен шақыру қағаздарына ерекше назар аудару қажет. Егер азамат осындай құжатты алған болса, онда көрсетілген талаптарды орындауға міндетті. Жұмылдыру жарияланған кезде не болады? Жұмылдыру кезеңінде азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар қажетті жұмыстарды орындауға тартылуы немесе арнайы құралымдардың құрамына қабылдануы мүмкін. Заңнамада қорғаныс қажеттері үшін азаматтардың жер учаскелерін, ғимараттарын, құрылыстарын, көлік құралдарын және басқа да мүлкін пайдалану мүмкіндігі де көзделген. Мұндай жағдайда мемлекет олардың құнын белгіленген тәртіппен кейіннен тең дәрежеде өтейді. Маңызды Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған сәттен бастап тиісті жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.
Өңірдің тоғыз айдағы отбасылық көрсеткіштері
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚАқмола облысы бойыншафилиалының мәліметінше, 2026 жылдың үш тоқсанында өңірде 3 мыңға жуық неке тіркеліп, 5 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Тіркелген некелер саны бойынша Көкшетау қаласы көш бастап тұр. Мұнда 1 187 неке тіркелген. Одан кейін Бурабай ауданы – 300 неке, Степногорск қаласы – 270 неке көрсеткішімен орналасқан. Жас жұбайлар неке қию күнін таңдауға да ерекше мән берген. Биыл некелер ең көп тіркелген күн – 26 маусым. Бұл күні 197 жұп заңды некеге тұрған. Оның ішінде 31 жұп салтанатты рәсімді таңдаған. Дүниеге келген сәбилер саны бойынша да облыс орталығы алдыңғы орында. Көкшетау қаласында 2 118 туу туралы куәлік берілген. Бурабай ауданында бұл көрсеткіш 466-ны, Степногорск қаласында 382-ні құрады. Ал Қосшы қаласында 264 сәби тіркелген. 2025 жылмен салыстырғанда, жекелеген қалалар мен аудандардағы көрсеткіштерде өзгерістер байқалады. Соған қарамастан, Көкшетау, Бурабай ауданы мен Степногорск қаласы неке қию және туу көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда.Жалпы, өңірдегі отбасылық-демографиялық көрсеткіштер жоғары деңгейде сақталуда.


