Азаматтар жұмылдыру дайындығы туралы нені білуі керек

    Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі

    Азаматтар жұмылдыру дайындығы туралы нені білуі керек

    Жұмылдыру дайындығы — мемлекеттің елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне байланысты туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені.

    Бұл жұмыста жергілікті атқарушы органдар маңызды рөл атқарады. Әкімдіктер халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмылдыру жарияланған жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібі туралы ақпарат береді.

    Әр азамат нені білуі керек?

    Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұруға міндетті.

    Сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билетті немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлікті уақтылы алуы қажет.

    Шақыру алған жағдайда азамат жергілікті әскери басқару органына келуге міндетті. Бұл оның әскери қызметке арналуын айқындау үшін қажет.

    Жұмылдыру жөніндегі нұсқамалар мен шақыру қағаздарына ерекше назар аудару қажет. Егер азамат осындай құжатты алған болса, онда көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.

    Жұмылдыру жарияланған кезде не болады?

    Жұмылдыру кезеңінде азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

    Сонымен қатар мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар қажетті жұмыстарды орындауға тартылуы немесе арнайы құралымдардың құрамына қабылдануы мүмкін.

    Заңнамада қорғаныс қажеттері үшін азаматтардың жер учаскелерін, ғимараттарын, құрылыстарын, көлік құралдарын және басқа да мүлкін пайдалану мүмкіндігі де көзделген. Мұндай жағдайда мемлекет олардың құнын белгіленген тәртіппен кейіннен тең дәрежеде өтейді.

    Маңызды

    Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған сәттен бастап тиісті жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақмола облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (нақтыланған бюджет)

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Конкурстар

    "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жетекші маман лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5598987923

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы өзінің ХҚКО ИАЖ 2.0негізгі ақпараттық жүйесін бірыңғай QazTech платформасына көшіруді квазимемлекеттік сектор ұйымдары арасында бірінші болып аяқтады. Жұмыс Қазақста...

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Өңірдің тоғыз айдағы отбасылық көрсеткіштері

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚАқмола облысы бойыншафилиалының мәліметінше, 2026 жылдың үш тоқсанында өңірде 3 мыңға жуық неке тіркеліп, 5 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Тіркелген некелер...

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    №2 Инфографик

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін азаматтарға жер учаскелерін бөлуге арналған алаңдарды дайындау туралы ақпарат

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жария кадастрлық карта

    https://map.gov4c.kz/egkn/

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың қазан айында Есіл ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері туралы мәліметтер

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды: