
Руководитель аппарата
Мұсабаев Жарасбек Хамитбекұлы
Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Мұсабаев Жарасбек Хамитбекұлы-1976 жылы туған, білімі жоғары. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті экономика және бизнес мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы "Қайрат-I" ЖШС-де аға экономист болып бастаған.
2000 жылдан 2013 жылға дейін Қостанай облысының мемлекеттік мекемелерінде түрлі қызметтер атқарды.
2013-2016 жылдары - "Арқалық қаласы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2016-2019 жылдары - "Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы»
2019-2020 жылдары - Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі
2020 жылдан н. в. - Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы



