
Сақтаған Жарылқасын Талғатұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1997 жылы 28 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген.
Білімім жоғары, 2019 жылы Нархоз университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры, 2021 жылдар аралығында Нархоз университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2019 жылы Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі әкімің аппаратында жастар практикасынан бастаған.
2020-2021 жылдары Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, жетекші маманы, бас маманы;
2021-2023 жылдары Қарасай ауданы әкімінің аппараты ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2023-2024 жылдары Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесі ұлттық және бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бөлімінің бас маманы;
2024-2025 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының протокол және сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Алматы облысы әкімі аппаратының протокол және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы.





