
Байғалық Ернат Елубайұлы
Аппарат басшысының орынбасары
Өмірбаян
1983 жылы 31 қаңтарында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Құқ және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Магистр» біліктілігі және академиялық дәрежесі берілген. 2013 жылы Тұран университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2005-2011 жылдар аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, бөлім басшысы болып жұмыс атқарған.
2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында бас маман-бас бақылаушы тексерушісі;
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде квазимемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы;
2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
2022 жылдың 25 тамызынан бастап Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болған.





