
Теменов Айбар Талғатұлы
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
Айбар Талғатұлы Теменов 1983 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар.
2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Елтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Бейжің педагогикалық университетінде білім алған.
2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің көмекшісі, Ішкі саясат басқармасының Медеу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің бас маманы, Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры, «Kazakh-Sino Silkway Company» ЖШС директорының кеңесшісі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылғы қыркүйек — 2022 жылғы қараша — Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары.
2022 жылғы қараша — 2024 жылғы сәуір — Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы.
2024 жылғы сәуірден бастап — Алматы облысы әкімінің кеңесшісі.
2025 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін — Алматы облысы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары.





