Озған Саттар Тұрашұлы
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының «Маңғыстау аудандық ветеринариялық станциясы» КММ-нің басшысы
Өмірбаян
1963 жылы 29 тамызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық ауылында дүниеге келген. 1980 -1981 жылдары Маңғыстау ауданында ПМК 1203 мекемесінде әр түрлі қызмет жасаған
1982 жылы АЗВИ ветфакультетіне оқуға түсіп арасында азаматтық борышын өтеген.
1989 жылы АЗВИ-ді бітіріп Маңғыстау ауданы вет станциясына жұмысқа келді.
1990 жылы Маңғыстау аудандық ветстанцияда терапия бөлімін басқарды.
1991 жылы Комсомол совхозына бас мал дәрігері болып қызмет атқарды.
1994-2010 жылға дейін Онды кооператив төраға қызметін атқарды.
2010-2012 жылдары Онды ауылы әкімі қызметін атқарды.
2012 жылдан күні бүгінге дейін Маңғыстау аудандық ветстанция мекемесінде директор кызметін атқарып келеді.
Маңғыстау ауданы әкімінің алғыс хаттары, грамоталары, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттары мен грамоталары, 2005 жылы Президенттің алғыс хаты. Тыңның 55 жылдығына орай медальмен марапатталған.