Руководитель
Набиев Самат Мазломұлы
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының «Ақтау қалалық ветеринариялық станциясы» КММ-нің басшысы
Өмірбаян
Набиев Самат Мазломұлы 1964 жылдың 20 мамыры күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Таушық селосында дүниеге келген.
1971 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосының В.В.Куйбышев атындағы орта мектепке 1ші сыныпқа барып, осы мектепте 1981 жылы 10 сыныпты бітірген.
1981жылы Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтының ветеринария факультетіне 1курсқа түсіп, 1986 жылы аталған институтты ветеринариялық мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы 01 қыркүйектен бастап, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «Жаңа-Жол» кеңшарының ферма мал дәрігері болып бастаған.
1991жылы мамыр айынан бастап, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы ветеринариялық станциясы бастығы болып, қызмет атқарған.
1994 жылдың қаңтар айынан бастап, Түпқараған ауданы «Жаңа- Жол» кеңшары (кейін «Таушық» ЖШС) бас мал дәрігері қызметіне ауысқан. 1996-1998 ж.ж. «Таушық» ЖШС директоры орынбасары, 1998-2000 жылдары осы серіктестіктің кәсіподақ ұйымы төрағасы қызметтерін атқарған.
2001жылдың наурыз айынан бастап, 2010 жылдың наурыз айына дейін Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы ветеринариялық бөлім бастығы - қалалық бас ветеринариялық инспекторы болып қызмет жасаған.
2010жылдың наурыз айынан 2010жылдың желтоқсан айына дейін «Ақтау қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған.
2010жылдың желтоқсан айынан 2012жылдың Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Маңғыстауветсервис» МКК директоры болған.
2013жылдың қаңтар айынан бастап 2014жылдың наурыз айына дейін «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-нің Маңғыстау облыстық филиалы директоры қызметін атқарған.
2014жылдың шілде айынан бастап осы кезеңге дейін Ақтау қалалық ветеринария бөлімінің, бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық ветеринария басқармасының «Ақтау қалалық ветеринариялық станциясы» КММ басшысы қызметін атқарып келеді.
Ақтау қаласының 50жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы төс белгілерімен түрлі деңгейдегі құрмет қағаздарымен марапатталған.