Мастеков Нұрлан Омирович
Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» КММ-нің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы 01 қаңтарда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.
2004-2009 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінің «Ветеринариялық медицина» факультетін бітіріп шықты.
2009-2015 жыл аралығында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Таушық ауылындағы «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нің ветеринариялық дәрігері қызметін атқарды.
2015-2016 жылы Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы, Қызыл- өзен селолық вет пунктінің мал дәрігері болып жұмыс жасады.
2016-2021 жылдар аралығында Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы, Таушық селолық вет пунктінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2021 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының «Түпқараған аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарып келеді.