
Сағынбеков Болат Мырзаханұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Сағынбеков Болат Мырзаханұлы 1967 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1991 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник», 2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Жерге орналастыру және жер кадастры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Тәжікстан Республикасы Орта-Азиялық әскери аймағында механик-жүргізуші болып бастаған.
1991-1992 жылдары Жамбыл қаласындағы «СНАУС» шағын кәсіпорнында кіші ғылыми қызметкер;
1992-1994 жылдары Свердлов ауданы, Ленин ауылдық советінде хатшы;
1994-1996 жылдары Свердлов ауданы, Ленин ауылдық әкімшілігінде хатшы;
1996-1998 жылдары Байзақ ауданы, «Дихан» ӨК жанар-жағармай қоймасының меңгерушісі;
1998-2000 жылдары «Мұрагер» фермер жеке қожалығында жұмысшы;
2000-2002 жылдары Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округінде жер қатынастарының инспекторы;
2002-2003 жылдары Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы;
2003-2004 жылдары Байзақ аудандық жер инспекциясының бас маманы;
2004-2008 жылдары Жамбыл облыстық жер инспекциясының жетекші маманы, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының жетекші маман, бас маман, бас маман-инспекторы;
2009-2013 жылдары Байзақ ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2013-2019 жылдары Байзақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2019-2025 жылдары Байзақ ауданы әкімінің орынбасары;
2025 жылдың қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.