Желеубаев Әбдірәсіл Серікұлы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

    Желеубаев Әбдірәсіл Серікұлы
    Басқарма басшысы

    Желеубаев Әбдірәсіл Серікұлы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Желеубаев Әбдірәсіл Серікұлы 1993 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, техника ғылымдарының магистрі.

    2015 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» бакалавры, 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Техника және технология» магистрі, 2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

    2019-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

    04.2021-12.2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы су шаруашылығы бөлімінің басшысы;

    2021-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін және су шаруашылығы бөлімінің басшысы;

    2023-2024 жылдары ҚР АШМ Егіншілік департаменті мелиорация басқармасының бас сарапшысы, агромелиорация басқармасының басшысы;

    2024-2025 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

    2025 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері