
Оспанова Жанат Әнуарқызы
Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі
Өмірбаян
1970 жылғы 3 қазанда дүниеге келген.
1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Сырдария аудандық сотында сот орындаушысы ретінде бастаған.
1994 жылдан 1997 жылға дейін – Сырдария аудандық сотының сот отырысының хатшысы.
1997 жылдан 1999 жылға дейін – «Прогресс-СМ» ЖШС және «Қазахинстрах» СК АҚ заң кеңесшісі.
1999 жылдан 2000 жылға дейін – Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің Қызылорда филиалының оқытушысы.
2000 жылдан 2002 жылға дейін – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің Қызылорда филиалының оқытушысы.
2002 жылдан 2003 жылға дейін – «Болашақ» университетінің оқытушысы.
2003 жылдан 2013 жылға дейін – Қызылорда қалалық сотының судьясы.
2013 жылдан 2021 жылға дейін – Қызылорда облыстық сотының судьясы.
2021 жылдан 2025 жылға дейін – Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
2025 жылғы 1 шілдеден – Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 3 қазандағы №1028 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.





