Қасаболатов Кәкен Ермұхаметұлы

    Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі

    Қасаболатов Кәкен Ермұхаметұлы
    Член Высшего Судебного Совета

    Қасаболатов Кәкен Ермұхаметұлы

    Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі

    Өмірбаян

    1966 жылғы 20 қазанда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылында дүниеге келген.

    1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, «Заңгер» біліктілігін алды.

    Еңбек жолын 1992 жылдың наурыз айынан сот жүйесінде Талдықорған облыстық сотының кеңесшісі қызметінен бастады.

    1992 жылдың мамыр айынан – Талдықорған облысының Ақсу аудандық сотында әкімшілік және атқарушылық өндіріс бойынша судья.

    1994 жылдың наурыз айынан – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр басқармасының жетекші кеңесшісі.

    1994 жылдың мамыр айынан – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттар қызметін ұйымдастыру басқармасының жетекші кеңесшісі.

    1995 жылдың маусым айынан – Алматы қаласы Мәскеу аудандық сотында әкімшілік және атқарушылық өндіріс бойынша судья.

    1997 жылдың наурыз айынан – Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының тұрақты судьясы.

    2023 жылдың қазан айынан осы күнге дейін Алматы қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 маусымдағы №907 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

    Ведомстволық наградалары мен марапаттары:

    2014 жылы – Сот жүйесіндегі мінсіз еңбегі үшін медаль (ІІ дәрежелі);

    2020 жылы – Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» Құрмет белгісі;

    2023 жылы – Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Құрмет» медалі;

    2012 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Алматы қаласының «Ең үздік судьясы» құрмет грамотасы;

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» медалімен наградталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері