
Исаева Ақмарал Серікқызы
Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі
Өмірбаян
1977 жылы 17 қыркүйекте дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласындағы Алатау халық сотында сот отырысының хатшысы ретінде бастаған.
1999 жылдан 2002 жылға дейін – Астана қаласы ІІБ тергеу қызметінің тергеушісі.
2002 жылдан 2003 жылға дейін – Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының әскери прокурорының көмекшісі.
2003 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық қатынастар басқармасының прокуроры.
2007 жылдан 2009 жылға дейін – Алматы аудандық сотының судьясы.
2009 жылдан 2018 жылға дейін – Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының судьясы.
2018 жылдан 2019 жылға дейін – Астана қаласының Мамандандырылған тергеу сотының судьясы.
2019 жылдан 2021 жылға дейін – Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы.
2021 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аға оқытушысы.
2023 жылдан 2024 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін – Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 маусымдағы №907 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.





