
Нұрлықұлов Ғалымжан Қаңсейітұлы
Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі
Өмірбаян
1967 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
1995 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
Мамандығы бойынша еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының сот отырысының хатшысы болып бастаған.
1993 жылдан – Жамбыл облысы, «Саят» ТЖМ заңгері.
1994-1997 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы ауданы нотариаттық Кеңсесінің Мемлекеттік нотариусы.
1997-2007 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының судьясы, төрағасы.
2007 жылдан – Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының төрағасы.
2010 жылдан - Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жамбыл облыстық сотының судьясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 427 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Марапаттар, медальдар:
2005 - "Қазақстан Конституциясына 10 жыл"медалі;
2020 - "Қазақстан Конституциясына-25 жыл" медалі;
2021 - "Үш би" құрмет белгісі.





