
Шогельбаев Жалгас Алтаевич
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
2015 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Прагадағы Чех техникалық университетін «Электротехника, энергетика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бітірді.
2022 жылы «Болашақ» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2013 жылы Қарағанды қаласындағы «Транспэнергоком» ЖШҚ-да электрмонтажшы болып жұмыс істеуін бастады. Әртүрлі жылдары Қарағанды және Павлодар қалаларындағы энергетикалық компанияларда инженер-энергетик және инспектор болып жұмыс істеді.
2017 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінде қызмет етті, онда бас маман, бөлім басшысы, басшының орынбасары және департамент басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электроэнергетиканы дамыту департаментінің электр энергетикасына инвестициялар басқармасының басшысы лауазымын атқарды
Сәуір 2024 жылдан қазан 2025 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электроэнергетиканы дамыту департаменті директорының орынбасары.


