
Рожков Илья Борисович
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Электр жетегі және өндірістік процестерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген. «Тау-кен инженері-электрик» аттестаты берілді.
Еңбек жолын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да МАЭС (Топар кенті, Қарағанды облысы) электр цехының электромонтері болып бастады.
2001-2004 жж. – электр цехының инженері, аға инженері, электр цехының электр зертханасы бастығының орынбасары.
2004-2010 жж. – бас инженердің электр бөлімі жөніндегі орынбасары, пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары.
2010-2011 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да МАЭС бас инженері.
2011-2019 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің электр-жылу генерациялау станцияларын, жылу генерациялау қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының басшысы.
2019 ж. мамыр-қазан – «Астанаэнергосервис» АҚ-да басқарушы директор.
2019-2020 жж. – «Еуразиялық Топ» ЖШС-да инженер-электрик.
2020-2022 жж. – Павлодар қаласындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ-да ЖЭО бастығы.
2022 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.


