
Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Нұрлан Әбдірахым 1980 жылы туған. «Қайнар» университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. Заңгер, «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2001 жылы «Астанаэнергосервис» ААҚ-ында абоненттік учаскенің бақылаушысы болып бастады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қызмет атқарып, жетекші маманнан департамент директоры және Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарды атқарды.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор және бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылы сәуірден осы уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.





