
Өмірбаян
Нұрбайұлы Еркебұлан- 1987 жылы 22 қаңтарда Кеген ауылында дүниеге келген. Отбасылы.
4 баласы бар.
Кеген аудандық мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындалды
Білімі- жоғары, магистр дәрежесі берілген.
1999-2004 жылдар аралығында
Ә. Мәлкеев атындағы қазақ- түрік лицейін бітірді.
2004-2008 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық унивеситетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмәмдады.
2008-2009 жылдар аралығында Халықаралық бизнес мектебінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
2010-2011 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық унивеситетінің ғылыми-педагогикалық магистратурасын тәмамдады.
2010-2013 жылдар аралығында Шет тілдері және іскерлік карьералық университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2011-2013 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2014-2020 жылдар аралығында
«ALASH JOLY» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2017-2018 жылдар аралығында “Алматылық оқу-өндірістік кәсіпорын №1 Қазақ соқырлар қоғамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс бригадирі;
2018-2020 жылдар аралығында
“ Қаратал бастауыш ұйымы” қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;
2022-2025 жылдар аралығында
«BARYS GOLD KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2025 жылдың 11 наурызынан- 2025 жылдың 4 тамызына дейін
Кеген аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі;
2025 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін Кеген аудандық мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы лауазымын атқарып келеді.





