Кеген ауданы —Алматы облысыныңоңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы –Кегенауылы.1930—1997 жылдары жеке аудан болған,1997—2018жылдарыРайымбек ауданыныңқұрамына енген.2018жылы сәуірдің 2-де жеке аудан болып қайта құрылды.Іле,Күнгей,ТеріскейАлатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан халқының саны 28 000 адам (2023), ұлттық құрамы:қазақтар(99,36%), басқалары (0,64%).
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Кеген селосы30наурыз 2026 жыл Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылдың 10 қарашасындағы№26 б-н/қ «Кеген ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде 2026 жылдың 10-25 қарашасы аралығында «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде 2025 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі кезең қамтылды. Сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы№ 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас мамандары З.Сарсенбаева, Г.Асанова, Г.Дулатбаева, Д.Қайнарбаевтардың қатысуымен жүргізілді. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысындаҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)29-30 баптарында: «29. Отбасының жиынтық кірісінде ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған кіріс осы Қағидаларға6-қосымшағасәйкес тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеудің нормативтік карточкасы негізінде есептеледі. 30. Бір сотка жерден (біp бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 кг өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Кірісті, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан шығысының орташа деңгейі шегеріледі. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.» деп көрсетілген. Өсірілетін дақылдың орташа түсімі (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) мен жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі (1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі) нормативтік карточкада нақты көрсетілген. Ал1 кг өнімнің орташа бағасы осы Қағидалардың 31 бабына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастырған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар ретінде қарастырылады. Орташа жылдық бағалар жылдан жылға қарқынды өсуде, бірақ жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейінің (1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейінің) өсуі ескерусіз қалған. Орташа жылдық бағалармен қатар жердің 1 соткасына жұмсалған шығыс пен 1 бас малға жұмсалған шығыстың орташа деңгейіинфляцияға байланысты үнемі өсіп келе жатқандығын ескерсек, осы жағдай мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергенотбасының жиынтық кірісінің дұрыс есептелмеуінің себебі болуы мүмкін екендігі анықталды. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Талдау жүргізу барысында мүдделілер қақтығысы анықталмады. Қамтылған кезеңде жұмысқа жаңа адамдар қабылданбаған, яғни жұмысқа қабылданған адамның басшымен туыстық қатынасына жол берілмеген. Мамандардың ауысу фактілері орын алмаған. Қамтылған кезеңде мекеме мамандарымен тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылу фактілері болмаған. Кеген ауданы әкімдігінің 2025 жылғы бағалау қорытындысына сәйкесмекемедегі 5 мемлекеттік қызметкерлердің 2025 жылы атқарған жұмыстарына «өте жақсы» деген баға қойылған. Бөлім мамандары біліктілігін арттыру курстарына 2023-2024 жылдары барған, алдағы уақытта біліктілігін арттыру семинарларына қатысуларын қадағалау керек. Қамтылған кезеңде жұмысқа жаңа мамандардың қабылданбауына байланысты мемлекеттік қызметкерлер іс тәжірибеден өтпеген, сәйкесінше сынақ мерзімі мен тәлімгер тағайындалмаған. Жақын туыстармен, жолдасымен және бажалармен бірге қызмет (жұмыс) істеу, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес лауазымды тұлғаға қойылған сыбайлас жемқорлыққа байланысты шектеулерді, тыйымдарды бұзу(коммерциялық ұйымдарды және т.б.сенімді басқаруға беруге) фактілері анықталмады. Мекемеде мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 16 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері көрсетіледі.2025 жылы барлығы 1229 қызмет көрсетілсе, оның767-сіwww.egov.kz"электрондық үкімет" веб-порталыарқылы,435-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыарқылы қызмет алушымен тікелей контактісіз, 27-сі мемлекеттік қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берілген өтініштермен бірге стандартта қаралмаған құжаттарды талап ету,қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланыста болу фактілері орын алмаған. 2025 жылдың қаңтар айында техникалық ақауларға байланысты екі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған, атап айтқанда,2025 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке берілген № 27159034 өтініш, (берілген күні 05.01.2025ж., өтініш беруші ЖСН 880421401967 Мамырбекова Ж.К.) және № 27179929 өтініш, (берілген күні 07.01.2025ж., өтініш беруші ЖСН 920303401757 Умбетова Т.К.) Кеген және Жалагаш ауылдық округтеріндегі учаскелік комиссияға уақытында жолданған. Учаскелік комиссияларөтініш берушінің тұрмыстық жағдайына зерттеу жүргізген, бірақ зерттеу нәтижесін FSM Social бағдарламасына түсіру техникалық ақауларға байланысты мүмкін болмаған. Бұл жөнінде қолдау орталығына хабарласып, өтініш номерлері, өтініш берушілердің ЖСН номерлері, қателіктің скриндері өз уақытында жолданған.FSM Social бағдарламасы 2025 жылдың қаңтар айында жаңадан енгізілгендіктен, техникалық ақау орын алып, ауылдық округтердегі учаскелік комиссиялар тарапынан қызмет көрсетудің мерзімі бұзылған. Бұл жөнінде Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына толық түсініктеме берілген,ал техникалық ақаудың орын алғандығы расталған. Мемлекеттік қызметті негізсіз көрсетпеу, Мемлекеттік қызметтің белгілері бар қызметтерді жүзеге асыру, көрсету(жасырын қызмет) фактілері анықталған жоқ. Жұмыс тобының мүшелері: З.Сарсенбаева Г.Асанова Д. Қайнарбаев Г.Дулатбаева Таныстым: Кеген ауданының «Жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімінің басшысыБ.Оразова
Жарияланды:
Ақпарат
Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Кеген аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламасы
Жарияланды:
Қаулы
Кеген ауданының дауыс беру және дауыстарды санау үшін құрылған № 565, № 586 сайлау учаскелерінің орталықтарын уақытша ауыстыру туралы
Жарияланды:
Қаулы
Кеген ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ЖОБА Кеген ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Кеген ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қоса беріліп отырған Кеген ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін. Кеген ауданының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жариялғаннан кейін оның Кеген ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Кеген ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкіміТ. Айдарбеков
Жарияланды:
Ақпарат
Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Кеген аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламасы
Жарияланды:
Ақпарат
Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Кеген аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламасы