Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    ·
    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Жауап

    1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті.

    Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (ко...

    ·
    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағ...

    ·