Теңізбаев Нұрбакыт Молдахметұлы

    Кеген ауданының әкімі

    Теңізбаев Нұрбакыт Молдахметұлы
    Аким

    Теңізбаев Нұрбакыт Молдахметұлы

    Кеген ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары,

    2002 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжі «дене шынықтыру және спорт», 2007 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясы «кеден ісі», 2007 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», 2009 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясы «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру», 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «педагогика ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының грек-рим күрес федерациясының спорт-нұсқаушысы болып бастаған.

    Әр жылдарда Астана қаласындағы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының грек-рим күресінен спорт-нұсқаушы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының № 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары, Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

    2018 -2023 жылдары Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы. 2023 жылдың 27 шілдесінен Кеген ауданының әкімі

    Нұрбақыт Молдахметұлы грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Стамбул, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

    «Құрмет» орденінің иегері.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері