
Өмірбаян
Алимов Рустем Жеңісұлы 1976 жылғы 07 шілде Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы дүниеге келген.
Білімі-жоғары.
Мамандығы – Қазақ тілі мен Әдебиет және Ағылшыл тілі мұғалімі, Абай атындағы ҚазҰПУ-ды тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996-2003 жылдар аралығында А.Нүсіпбеков атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2003-2006 жылдары А.Нүсіпбеков атындағы орта мектепте педагог ұйымдастырушы.
2006-2008 жылдар аралығында Жалаңаш ауылы С.Бейсембетұлы атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2008-2013 жылдар аралығы С.Бейсембетұлы атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2013-2021 жылдар аралығында А.Нүсіпбекова атындағы орта мектеп – гимназиясының директоры.
2021-2023 жылдар аралығында Саты ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарған.
02.05.2023 жылдан бастап Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.





