Омаров Серик Серикбаевич

    ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Омаров Серик Серикбаевич
    Руководитель

    Омаров Серик Серикбаевич

    ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    2002 ж., Қазақ мемлекеттік заң университеті

    2020 ж., Қызылорда «Болашақ» университеті

    Серік Серікбайұлы Омаров 1981 жылы 12 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    2002 жылдан бастап 2005 жылдарға дейін Қызылорда қаласы, облыстық адвокаттар коллегиясының адвокат көмекшісі болып қызмет еткен.

    2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маман қызметін атқарған.

    2007 жылдың 23 мамырынан бастап 2007 жылдың 17 шілде аралығында Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ, Қызылорда қаласы, жетекші заңгер-кеңесші қызметін атқарған.

    2007 жылдың 10 тамызынан бастап 2007 жылдың 14 желтоқсан аралығында Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маман қызметін атқарған.

    2007 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маман қызметін атқарған.

    2008 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында «Оңтүстік» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиалында бас маман қызметін атқарған.

    2012 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарған.

    2019 жылдан бастап 2025 жылдың 16 қарашасына дейін Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшы орынбасары қызметін атқарған.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17.11.2025 жылғы № 1089-Ж/Қ бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері