Сағынаев Ерлан Ермекұлы

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

    Сағынаев Ерлан Ермекұлы
    Вице-министр

    Сағынаев Ерлан Ермекұлы

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

    Өмірбаян

    1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

    Білімі:

    Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолы:

    Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бастаған.

    Әр жылдары ауданның Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттері мен орталық аппараттарындағы салалық басқармалар басшысы қызметтерін атқарды.

    2008–2021 жылдары Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстары бойынша салық департаменттері басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

    2025 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері