Әмрин Азамат Кемеңгерұлы

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

    Әмрин Азамат Кемеңгерұлы
    Первый Вице-Министр

    Әмрин Азамат Кемеңгерұлы

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

    Өмірбаян

    Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Білімі:

    1996 жыл - Ақмола ауылшаруашылық институты

    2008 жыл - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

    Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.

    Еңбек жолы:

    Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.

    1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.

    2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.

    2011-2012 жж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.

    2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.

    2015-2020 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

    2020- 2025 жж. — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

    2025 жылдың 21 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

    Марапаттары:

    • III дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» - 08.05.2015 ж.,
    • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 01.12.2016 ж.,
    • «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі - 01.01.2017 ж.,
    • «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» - 29.05.2019 ж.,
    • «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» белгісі - 27.08.2020.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері