Раймқұлова Гаухар Үшкемпірқызы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары

    Раймқұлова Гаухар Үшкемпірқызы
    Заместитель Председателя

    Раймқұлова Гаухар Үшкемпірқызы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Раймқұлова Гаухар Үшкемпірқызы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1973 жылғы 28 маусымда туған.

    1997 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Фармация» мамандығы, 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1997-2005 жылдары дәріхана провизоры, меңгерушісі, дәріхана қоймасының менеджері болып жұмыс істеді.

    Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін 2005 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің фармацевтикалық бақылау басқармасында бас маман лауазымынан бастаған.

    2012-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің басқарма басшысы лауазымында қызмет атқарған.

    2020-2024 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ дәрілік қамтамасыз ету қызметінің басшысы болып жұмыс істеген.

    2024-2025 жылдары «Acino Kaz» ЖШС-нің менеджері болып жұмыс жасады.

    2025 жылдың 28-ші шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері