Жүсіпов Бауыржан Әлішерұлы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы

    Жүсіпов Бауыржан Әлішерұлы
    Председатель

    Жүсіпов Бауыржан Әлішерұлы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы

    Өмірбаян

    Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов, Шымкент қаласының тумасы, 1981 жылы 27 қарашада туған.

    2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2011 жылы Астана Медициналық университетін бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.

    Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері болып бастаған.

    2007-2010 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталығының хирург дәрігері;

    2010-2013 жылдары Ұлттық медицина холдингі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің менеджері;

    2013-2017 жылдары Республикалық диагностикалық орталығының басшылық лауазымдарында;

    2018-2022 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде басқарма басшысы, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, Дәрілік саясат департаментінің директоры;

    2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Істер басқармасының басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

    2025 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері